Leenvit

Табиғи және пайдалы тағамдық қоспалар

Leenvit Group-биомедициналық инженерия саласында әрекет ететін, ғылыми мекемелермен ынтымақтасатын және өзінің зерттеу зертханалары бар инновациялық поляк фирмасы.

Фирманың негізгі мақсаты – медициналық және ғылыми сала өкілдерімен ынтымақтастасу кезінде тиімділік пен қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі бар жаңа генерацияның пайдалы тағамдық қоспаларын әзірлеу мен клиенттерге ұсыну, сондай-ақ анағұрлым кең мағынада денсаулықтың профилактикасына және функционалдық азық-түлік өнімдерін жасауға бағытталған қызмет.

Біз өркениеттің дамуымен байланысты адамның тамақтану рационында қажетті, тағамдық заттардың тапшылығын тез толтыруға арналған табиғи, пайдалы тағамдық қоспалар жасауды қалаймыз. Дамудың қазіргі кезеңінде біздің күш-жігеріміз Омега 3 алмастырылмайтын қанықпаған май қышқылдарының пайдалы қасиеттері пайдаланылатын, тағамдық қоспаларды жасауға бағытталған.

Өркениет ауруларымен күресте көмектесеміз

Біз қоғам ретінде асығыста, жүріп бара жатқанда, немен тамақтанып жатқанымызға назар аудармай, қайта өңделген өнімдерді немесе дайын тағамдарды сатып аламыз, фастфудта жүрек жалғап аламыз, аз қозғалатын өмір салтын ұстанамыз. Өмірдің мұндай стилі өркениет аурулары деп аталатын, түрлі ауру-сырқаттың дамуына ықпал етеді. Егер біз өз өмір салтымызды өзгерте алмасақ, оны дұрыс тамақтанумен өтеуді кеңес береміз.

Табиғат бізге адам ағзасына қолайлы әсер ететін, табиғи текті заттардың көзі бола отырып, біздің денсаулығымыз бен өмір сапасының кондициясын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұндай заттарға, атап айтқанда, зығыр, біз LEENVIT-те жетілдірген, Омега 3 алмастырылмайтын қанықпаған май қышқылдарының ең бай көзін жатқызған жөн.

Omega 3

Leenvit желісінен тағамдық қоспаларды өндіру үдерісі тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары үшін қарастырылған, GMP/HACCP ең жоғары стандарттарына жауап беретін, өндірістік кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

LEENVIT өнімдерін өндірудің бірегей үдерісі Омега 3,6,9 қышқылдарының ең таза және концентрацияланған түрін алуға кепілдік береді. Оттексіз ортада жүргізілген этерификация үдерісінің нәтижесінде қандай да бір қоспасыз немесе консервантсыз, моноэфир түріндегі Омега 3+6+9 қышқылдарының ең таза, табиғи түрі жасалды. Бәрі табиғи түрінде қалды. Барлық май түзетін заттар – глицерин және барлық зиянды заттар жойылды. LEENVIT алу әдісі-LEENVIT құрамындағы – адам үшін алмастырылмайтын полиқанықпаған май қышқылдары, яғни моноқанықпаған олеин қышқылының (Омега 9, GA) қатысуымен альфа-линолен (Омега 3, ALA) және линол (Омега 6, LA) қышқылдары белсенді заттардың барлық биологиялық қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін, толық инновациялық технология түрінде беріледі.

Біздің интернет-дүкенге келіп, өзіңіз үшін Leenvit таңдап алуды ұсынамыз.